weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 13
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан чемпионатының 2026 жылғы барлық жеңімпаздары анықталды

Таразда ерлер мен әйелдер арасындағы 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталып, барлық салмақ дәрежесіндегі алтын жүлдегерлер белгілі болды. Байрақты бәсекеде 20 өңірден келген 369 боксшы сынға түсті.

Қазақстан чемпионатының 2026 жылғы барлық жеңімпаздары анықталды Қазақстан чемпионатының 2026 жылғы барлық жеңімпаздары анықталды
Sports.kz

Тараз қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша барлық салмақ дәрежесіндегі алтын медаль иегерлерінің есімі белгілі болды.

Ерлер арасында чемпион атанғандар: Нұрзат Оңғаров (50 кг, Жамбыл облысы), Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг, Қызылорда облысы), Әділбек Қожахан (60 кг, Жетісу облысы), Абзал Серік (65 кг, Шымкент), Фарух Тоқтасынов (70 кг, Алматы), Нұрбек Мұрсал (75 кг, Алматы), Санжар-Али Бегалиев (80 кг, Шымкент), Темірлан Мұқатаев (85 кг, Астана), Дәулет Төлемісов (90 кг, Ақтөбе облысы) және Данияр Рахимбердинов (90 кг-нан жоғары, Алматы).

Әйелдер бәсекесінде алтын медаль алған боксшылар: Гүлназ Борибаева (48 кг, Қарағанды облысы), Анитa Адишева (51 кг, Қарағанды облысы), Элина Базарова (54 кг, Шымкент), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг, Түркістан облысы), Виктория Графеева (60 кг, Алматы), Аида Абикеева (65 кг, Қарағанды облысы), Бақыт Сейдіш (70 кг, Алматы), Шұғыла Налибай (75 кг, Түркістан облысы), Надежда Рябец (80 кг, Қостанай облысы) және Елдана Талипова (80 кг-нан жоғары, Алматы).

Қазақстан чемпионаты 30 қазан мен 6 қараша аралығында өтті. Додаға елдің 20 өңірінен 369 спортшы қатысып, барлығы 20 медаль жиынтығы сарапқа салынды — ерлер мен әйелдер арасынан оннан.

.

Көп оқылды:

.
.