Таразда өтіп жатқан бокс бойынша Қазақстан-2026 чемпионатында 85 келіге дейінгі салмақта өткен финал айқын жеңіспен аяқталды. Астаналық Темірлан Мұқатаев алматылық Сұлтанбек Айбарұлын ұтып, ел чемпионы атанды.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте Мұқатаев басымдық танытты. Төрешілер шешімді бірауыздан 5:0 есебімен оның пайдасына шығарды.
Осылайша Темірлан Мұқатаев ұлттық біріншіліктің алтын медалін иеленсе, Сұлтанбек Айбарулы күміс жүлдегер болды.
Мұқатаев жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның бес дүркін чемпионы атанған. Ал Айбарулы ересектер деңгейінде де табысты өнер көрсетіп жүр: ол 2025 жылы Үндістанда өткен World Boxing Әлем кубогының финалдық кезеңінде жеңіске жетіп, 2026 жылы Бразилиядағы кезеңде де топ жарған.
Қазақстан чемпионаты Таразда 30 қазан мен 6 қараша аралығында өтіп жатыр. Турнирге елдің 20 өңірінен 369 спортшы қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 10-нан медаль жиынтығы сарапқа салынады.