weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 26
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дуглас Жуниор Қазақстан құрамасына қайта қосылды

Қазақстан футзал құрамасының қорғаушысы Дуглас Жуниор Беларусьпен өтетін жауапты матч алдында командаға оралды. Ол 10 қарашада Словакияның Гуменне қаласында өтетін ойынға дайындалады.

Дуглас Жуниор Қазақстан құрамасына қайта қосылды Дуглас Жуниор Қазақстан құрамасына қайта қосылды
Sports.kz

Қазақстан футзал құрамасының қорғаушысы Дуглас Жуниор Беларуське қарсы жауапты матч алдында ұлттық командаға қайта қосылды.

КФФ баспасөз қызметі хабарлағандай, бразилиялық текті ойыншы командамен бірге 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кездесуге дайындықты бастайды. Матч Словакияның Гуменне қаласында өтеді.

38 жастағы Дуглас Жуниор 2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеп, командадан кеткен еді. Сол уақыттан бері ол Сауд Арабиясындағы «Әл-Ула» сапында клубтық деңгейде өнер көрсетті.

Бұған дейін бас бапкер Какау тәжірибелі қорғаушымен жеке сөйлесіп, оны ұлттық құрамаға қайта оралуға көндіргені айтылған. Дугластың қайтып оралғаннан кейінгі алғашқы матчы 20 қазанда Астанада өткен Беларуське қарсы үйдегі кездесу болды. Ол ойында Қазақстан 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді Қазақстан мен Беларусь арасындағы жауапты кездесу 2026 жылдың 10 қарашасында өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.