weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 3 жеңіске жетті

Будвада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы бес жекпе-жектің үшеуінде жеңіске жетті. Камилa Оспанова мен Индира Қыдырмолдаева айқын басымдықпен жеңсе, Еркетан Жаркынбек те қарсыласын тізе бүктірді.

Юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 3 жеңіске жетті Юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 3 жеңіске жетті
Sports.kz

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде қазақстандықтар бес жекпе-жектің үшеуінде жеңіске жетті.

Күндізгі сессияда Камила Оспанова 70 келіге дейінгі салмақта хорватиялық Лорена Хорватты жеңді. Қазақстандық боксшы қарсыласын үш мәрте нокдаунға түсіріп, үшінші раундта техникалық нокаутпен басым түсті.

90 келіге дейінгі салмақта Еркетан Жаркынбек мексикалық Рамиро Нуньесті төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен ұтты. Ал 65 келіге дейінгі салмақта Айсұлу Мұхит Нидерланд өкілі Зое Вогелске 1:4 есебімен есе жіберді.

Кешкі сессияда 60 келіге дейінгі салмақта Индира Қыдырмолдаева Қырғызстан спортшысы Азизахон Пазилованы 5:0 есебімен жеңіп, турнирдегі жарысын жалғастырды. 85 келіге дейінгі салмақта Руслан Ахметов Ресейден келген Кирилл Коршаковтан 1:4 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатын аяқтады.

World Boxing U19 әлем чемпионаты Будвада 16–27 қазан аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 69 ұлттық федерациядан 474 спортшы қатысуда.

.

Көп оқылды:

.
.