weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы чемпиондық жекпе-жекте үлкен шоу уәде етті

Даниялық боксшы Якоб Банк Жәнібек Әлімханұлымен өтетін WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекке дайын екенін айтты. Кездесу 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында өтеді.

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы чемпиондық жекпе-жекте үлкен шоу уәде етті Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы чемпиондық жекпе-жекте үлкен шоу уәде етті
Sports.kz

Даниялық боксшы Якоб Банк Қазақстан өкілі Жәнібек Әлімханұлымен өтетін WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Қос мықты 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында кездеседі.

«Ақыры бұл жекпе-жек ресми түрде жарияланды. Мен әлем чемпионы атағы үшін алғаш рет Дания жерінде жұдырықтасамын. Сіздердің көпшілігіңізді көргім келеді», — деді Банк жанкүйерлерге арнаған бейнеүндеуінде.

Ол алдағы титулдық айқастан үлкен шоу күтетінін де жасырмады.

«Үлкен шоу көрсетуге мүмкіндік туады деп асыға күтіп жүрмін және, үмітім, ерлер арасындағы келесі дат әлем чемпионы атанамын», — деді дат боксшысы.

Бұл жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы үшін екінші салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік бермек. Бұған дейін «Қазақ стилі» орта салмақта WBO және IBF титулдарын иеленген.

.

Көп оқылды:

.
.