weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 11
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Петр Кочетков НХЛ маусымын қатарынан 6 жеңіспен бастады

«Каролина Харрикейнз» қақпашысы Петр Кочетков НХЛ маусымындағы жеңісті сериясын алтыға жеткізді. Бұл нәтиже оны клуб тарихындағы ең ұзақ жеңіс сериясы бойынша екінші орынға шығарды.

Петр Кочетков НХЛ маусымын қатарынан 6 жеңіспен бастады Петр Кочетков НХЛ маусымын қатарынан 6 жеңіспен бастады
Sports.kz

«Каролина Харрикейнз» қақпашысы Петр Кочетков НХЛ маусымындағы жеңісті жолын жалғастырды. Ол маусым басынан бері қатарынан алтыншы рет жеңіске жетті.

Регулярлы чемпионатта «Каролина» «Ванкувер Кэнаксті» 6:3 есебімен ұтты. Кочетков бұл ойында өз қақпасына бағытталған 14 соққының бетін қайтарды.

Осы нәтижеден кейін ресейлік қақпашы «Каролина Харрикейнз» франшизасы тарихында маусым басындағы қатарынан жеңістер саны бойынша екінші орынға көтерілді.

Франшизаның рекорды дат қақпашысы Фредерик Андерсенге тиесілі. Ол 2021/2022 маусымында алғашқы сегіз матчында жеңіске жеткен.

Қазіргі маусымда Кочетковтың көрсеткіші де сенімді: ол орта есеппен бір матчта 1,98 шайба жіберіп алып, соққылардың 89,9 пайызын қайтара алды.

Бұған дейін «Каролина» ресейлік қақпашымен екі маусымдық келісімшартты ұзартқан еді.

.

Көп оқылды:

.
.