weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Стас Покатилов ойнаған «Сабах» Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық «Сабах» UEFA Чемпиондар лигасында бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Команда қатарынан үш матчта негізгі құрамға 11 түрлі ұлттың футболшыларын шығарды.

Стас Покатилов ойнаған «Сабах» Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты Стас Покатилов ойнаған «Сабах» Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты
Sports.kz

Азербайжанның «Сабах» клубы UEFA Чемпиондар лигасында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Команда сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов та өнер көрсетеді.

OptaJoe статистикалық порталының мәліметі бойынша, «Сабах» турнир тарихында қатарынан үш матчта негізгі құрамға 11 түрлі ұлттық құраманың өкілін шығарған алғашқы клуб болды. Сол рекордтық ойындардың барлығында 33 жастағы Стас Покатилов бірінші минуттан алаңға шықты.

Бұл жетістік Бакуде өткен жалпы кезеңнің үшінші турында дортмундтық «Боруссияға» қарсы матчтан кейін тіркелді. Кездесуде әзербайжандық клуб өз алаңында 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қонақтар 10-минутта Серу Гирассидің голы арқылы есеп ашты. Ол Покатиловтың сейвінен кейін қайтарылған допты қақпаға тоғыстырды. 39-минутта Эйден Маккарти таразы басын теңестіргенімен, 53-минутта Гирасси дубль жасап, неміс клубына жеңіс сыйлады.

Покатилов матчта екі гол жіберіп алғанына қарамастан, алты сейв жасады. «Сабахтың» негізгі құрамында онымен бірге Аким Зедадка (Алжир/Франция), Стив Сольве (Гваделупа), Эйден Маккарти (Оңтүстік Африка), Тимотеуш Пухач (Польша), Умарали Рахмоналиев (Өзбекстан), Иван Лепиница (Хорватия), Ду Кейрос (Бразилия), Кахим Пэррис (Ямайка), Велько Шимич (Сербия) және Джой-Лэнс Миккельс (Руанда/Германия) шықты.

Бұған дейін «Сабах» негізгі кезеңді ағылшынның «Манчестер Юнайтедінен» 0:4 есебімен ірі жеңіліспен бастаған, одан кейін прагадық «Славияны» 2:0 есебімен ұтқан еді. Осы екі ойында да Покатилов қақпаны қорғады.

Үш турдан кейін «Сабахтың» еншісінде үш ұпай бар. Команда келесі матчты 4 қараша күні сырт алаңда норвегиялық «Викингке» қарсы өткізеді.

.

Көп оқылды:

.
.