Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Нұрданат Айтанов ширек финалға жолдама алды.
61 келіге дейінгі салмақта күрескен Айтанов 1/8 финалда Украина өкілі Андрей Шокалюкпен белдесті. Кездесу қазақстандық балуанның 7:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Осы нәтижеден кейін Нұрданат өз салмағында үздік сегіз спортшының қатарына енді. Енді ол жартылай финалға шығу үшін келесі белдесуін өткізеді.
Әлем біріншілігі 12-18 қазан аралығында өтіп жатыр. Жарыс бағдарламасына еркін, грек-рим және әйелдер күресі кіреді.