Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының Өзбекстанның Ферғана қаласын өкілдейтін «Нефтчиіне» қарсы матчына бастапқы құрамда шықты.
Команда ойыншылар тізімін ресми Instagram парақшасында жариялады. Роналду бұл кездесуде капитанның міндетін атқарады.
«Әл-Насрдың» бастапқы құрамы: Бенто, Бушаль, Симакан, Мартинес, Аман, Габриэл, Кошта, Коман, Мане, Феликс және Роналду.
Саудиялық клуб алғашқы турда Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айнына» 0:4 есебімен есе жіберген еді. Қазір команданың қоржынында ұпай жоқ.
«Әл-Наср» — «Нефтчи» матчы бүгін, 12 қазанда, Эр-Риядта өтеді. Ойынның басталуы — Қазақстан уақытымен 23:15.