Өскеменнің «Торпедо» клубы өз мұз айдынында павлодарлық «Иртышты» қабылдап, Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңіндегі матчта 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші кезеңде Диас Гусейнов 19-минутта сан басымдығын пайдаланып, есеп ашты.
Екінші кезеңде өскемендіктер тағы төрт шайба соқты. Саян Данияр 24-минутта, Дмитрий Гренц 25-минутта, Александр Панченко 29-минутта және Степан Рифель 36-минутта мергендік танытты.
Үшінші кезеңде Артур Ғатиятов 52-минутта есепті 6:0-ге жеткізді. Одан кейін Саян Данияр 58-минутта тағы бір рет сан басымдығында көзге түсіп, дубль жасады, ал Панченко 59-минутта екінші шайбасын соғып, қорытынды нәтижені белгіледі.
Бұл жеңістен кейін «Торпедо» қоржынына 28 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Иртыш» бір ғана ұпаймен соңғы орында қалып отыр.