weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина WTA рейтингінде көшбасшылықты 19 қазанға дейін сақтайды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі бірінші орнын кемінде 19 қазанға дейін жоғалтпайды. Пекин мен Уханьдағы турнирлерден кейін де оның көшбасшылығы сақталатыны белгілі болды.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде көшбасшылықты 19 қазанға дейін сақтайды Елена Рыбакина WTA рейтингінде көшбасшылықты 19 қазанға дейін сақтайды
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингіндегі бірінші орнын кемінде 19 қазанға дейін сақтайды.

Ол 2 қазанда 9696 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко келеді, оның еншісінде 7485 ұпай бар. Осылайша, Рыбакинаның басымдығы 2211 ұпайды құрайды.

Қазіргі уақытта Рыбакина Пекиндегі WTA 1000 турниріне қатысып жатыр. Ол жарыстың негізгі кезеңіне бірінші нөмірлі сеяной спортшы ретінде шықты.

Пекин турнирінің негізгі сеткасы 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді. Одан кейін 12-18 қазан күндері Ухандағы WTA 1000 жарысы жалғасады.

«Елена Рыбакина үшін Пекин мен Уханьнан кейін бірінші орынды жоғалту қаупі жоқ. Сондықтан 2026 жылдың 19 қазанына дейін бірінші орын кепілдендірілген»
.

Көп оқылды:

.
.