Ресейлік теннисші Даниил Медведев маусым аяқталғанға дейін Қазақстанның бұрынғы ұлттық құрамасы ойыншысы Андрей Голубевпен жұмыс істейтін болды.
Медведев Рохан Гетцкемен енді бірге еңбек етпейтінін өзі растады. Оның айтуынша, Гетцке US Open турниріне дейін командада болған, алайда жарыстан кейін бірлескен жұмысты жалғастыру мүмкін болмаған.
«Мен жалғастырғым келді, бірақ олай болмады. Роханмен енді жұмыс істемейміз. Дегенмен, мен оған да, Томасқа да шексіз алғыс айтамын: олар маған теннис, соққы және психологияға деген басқа көзқарас көрсетті».
Қазір Медведевтің жалғыз теннис бапкері — Андрей Голубев. Екеуі маусым соңына дейін бірге жұмыс істеуге келіскен, ал одан кейін ынтымақтастықтың болашағын талқылайды.
Медведев Голубевпен осы жылдың тамыз айында жұмыс істей бастаған. Ал Андрей Голубев кәсіби ойыншылық мансабын 2024 жылдың қыркүйегінде Астанада ресми түрде аяқтаған еді.