weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

НХЛ Мәлкин, Кросби және Летангтың тарихи жетістігін тіркеді

Ұлттық хоккей лигасы «Питтсбург Пингвинз» шабуылшысы Евгений Мәлкин, Сидни Кросби және Крис Летангтың бір клубтағы ортақ жеңістер саны бойынша рекордын ресми түрде бекітті. Үштік НХЛ тарихындағы ең нәтижелі серіктестікке айналды.

НХЛ Мәлкин, Кросби және Летангтың тарихи жетістігін тіркеді НХЛ Мәлкин, Кросби және Летангтың тарихи жетістігін тіркеді
Sports.kz

Ұлттық хоккей лигасы «Питтсбург Пингвинз» шабуылшысы Евгений Мәлкин, Сидни Кросби және Крис Летангтың тарихи көрсеткішін ресми түрде тіркеді. Лига олардың бір команда құрамында бірге жеткен 494-ші жеңісін абсолютті рекорд деп мойындады.

НХЛ-дың инстаграмдағы парақшасында бұл жетістікке арнайы жазба жарияланып, үштіктің үстемдігі атап өтілді. Публикацияда олар «Пингвинз» триосының абсолютті доминирлеуі ретінде сипатталған.

Аталған рекорд маусым-2026/2027-нің алғашқы матчында орнады. «Питтсбург» «Филадельфия Флайерзді» 7:0 есебімен ойсырата ұтып, Мәлкин команданың үшінші шайбасын көпшілік құрамында соқты.

Бұған дейінгі үздік нәтиже «Сан-Хосе Шаркс» сапында Джо Торнтон, Джо Павелски және Марк-Эдуар Власичке тиесілі еді. Олар бірге 493 жеңіске жеткен болатын.

Мәлкин, Кросби және Летанг 2006 жылдан бері «Питтсбургте» ойнап келеді. 21 маусым ішінде олар үш рет Стэнли кубогын жеңіп алды: 2009, 2016 және 2017 жылдары.

Филадельфияға қарсы матчтағы гол Мәлкин үшін НХЛ-дың тұрақты чемпионаттарындағы 534-ші шайба болды. Соның нәтижесінде ол лига тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде таза 36-орынға көтерілді.

.

Көп оқылды:

.
.