«Ақтөбе» әйелдер командасы УЕФА Еуропа кубогы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында амстердамдық «Аяксқа» қарсы ойында жеңіске жетті, бірақ жарыстағы жолын жалғастыра алмады.
Ақтөбеде өткен кездесу 1:0 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 83-минутта Морган Рис соқты.
Екі команда арасындағы алғашқы матч 23 қыркүйекте Нидерландыда өтіп, «Аякс» 8:0 есебімен басым түскен еді.
Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша амстердамдық клуб 8:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.