weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Футбол 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ҚПЛ-де пенальтиден ең көп ұпай жинаған және пайдасы аз клубтар анықталды

Қазақстан Премьер-Лигасында пенальти бірнеше матчтың тағдырын шешті, алайда барлық клуб бірдей одан ұта қойған жоқ. Ең көп пайда көргені — «Елімай», ал ең тиімдісі — «Ақтөбе».

ҚПЛ-де пенальтиден ең көп ұпай жинаған және пайдасы аз клубтар анықталды ҚПЛ-де пенальтиден ең көп ұпай жинаған және пайдасы аз клубтар анықталды
Sports.kz

Қазақстан Премьер-Лигасының биылғы маусымында пенальти бірнеше рет матч нәтижесіне тікелей әсер етті. Бірақ он бір метрлік айып добынан барлық клуб бірдей пайда таба алған жоқ.

«Елімай» пенальтиге ең көп — сегіз рет келді, оның жетеуін сімейліктер голға айналдырды. Одан кейін алты пенальтимен «Каспий» тұр, ал «Ордабасы» мен «Жеңіске» бес-бестен, «Жетісуға», «Ертіске», «Тобылға» және «Оқжетпеске» төрттен пенальти берілген.

Алайда пенальти санының көптігі әрдайым ұпай әкелмейді. Сондықтан есепте тек тікелей нәтиже шешкен соққылар ғана ескерілді: егер пенальти команданы алға шығарса және ол басымдықты сақтаса, оған үш ұпай жазылды. Ал теңестіруге көмектесіп, матч ничьямен аяқталса, бір ұпай берілді.

Осы тұрғыдан алғанда ең жоғары көрсеткіш «Елімайға» тиесілі. Үш дәл соққы жеңіс әкеліп, командаға жалпы тоғыз ұпай сыйлады. Әсіресе «Тобыл» мен «Жетісуға» қарсы минималды жеңістерде Роман Муртазаевтың пенальтиден соққан жалғыз голдары шешуші болды. Тағы бір жағдайда пенальти есепті ашып, кейін сімейліктер басымдығын жоғалтпады.

«Ақтөбе» бар-жоғы екі пенальти орындап, соның екеуін де толық пайдаға жаратты. Бір пенальти «Каспиймен» ойында минималды жеңіс сыйласа, екіншісі соңғы минуттарда «Жетісуға» қарсы кездесудің тағдырын шешті. Сөйтіп, «қызыл-ақтар» екі әрекеттен алты ұпай жинады.

Ал «Ордабасы» пенальтиден бес ұпай еншілегенімен, олардың бәрі бірдей шешуші бола қойған жоқ. Шымкенттіктер «Ертіс» пен «Атырауға» қарсы тең ойнап, «Жетісуды» ұтқан матчта осы соққылардың пайдасын көрді. «Қайрат» болса пенальтиден екі рет қана соққы жасап, оның біреуі ғана нәтиже әкелді: Жоржиньоның «Қызылжарға» соққан добы үш ұпайға айналды.

Ең сәтсіз көрсеткіш «Каспийде» тіркелді. Ақтаулықтар алты пенальти алып, төртеуін голға айналдырғанымен, бірде-бір соққысы ұпай тұрғысынан шешуші болмады. «Астана» тіпті екі пенальтидің біреуін де соға алмады. Жалпы есеп бойынша, пенальтиден ең көп ұпай жинаған — «Елімай», ал ең тиімді пайдаланған — «Ақтөбе».

.

Көп оқылды:

.
.