weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Хоккей 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Сарыарқа» «Ақтөбені» ұтып, Қазақстан кубогының финалына шықты

Қарағандылық команда жартылай финалда «Ақтөбені» 3:2 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды. Финалда «Сарыарқа» Өскеменнің «Торпедосымен» кездеседі.

«Сарыарқа» «Ақтөбені» ұтып, Қазақстан кубогының финалына шықты «Сарыарқа» «Ақтөбені» ұтып, Қазақстан кубогының финалына шықты
Sports.kz

Қазақстан кубогының хоккейден өткен екінші жартылай финалында қарағандылық «Сарыарқа» мен «Ақтөбе» кездесіп, тартысты ойында 3:2 есебі тіркелді.

Бірінші кезеңде командалар гол соға алмады. Ал екінші жиырмаминуттықта «Сарыарқа» үш шайба салып, басымдықты өз жағына аударды.

31-минутта Эдгарс Сиксна Александр Борисевич пен Данила Карабаньның пасынан кейін есеп ашты. Арада үш жарым минут өткенде Борисевич Владислав Никулин және Владислав Дюкаревтің көмегімен артықшылықты еселей түсті.

Екінші үзіліске бес секунд қалғанда Карабань үшінші шайбаны енгізді. Бұл голға Иван Степаненко мен Владимир Волков нәтижелі пас берді.

Қорытынды кезеңнің басында Максим Базанов көпшілік құрамда көзге түсіп, «Ақтөбенің» есептегі айырмасын қысқартты. Оған Захар Захаров пен Ян Хоменко пас берді. 58-минутта Владислав Комаров екінші шайбаны соқты, алайда ақтөбеліктер таразы басын теңестіре алған жоқ.

Осылайша, «Сарыарқа» Қазақстан кубогының финалына шықты. Шешуші матчта қарағандылықтар бұған дейін Рудныйдың «Горнягын» 5:2 есебімен жеңген өскемендік «Торпедомен» ойнайды.

.

Көп оқылды:

.
.