weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 11
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алуа Балкибекова Азиада-2026-ден қола жүлдемен оралды

Қазақстандық боксшы Алуа Балкибекова Азиада-2026 жартылай финалында вьетнамдық Нгуен Тхи Тамнан ұтылды. Осылайша ол жарысты қола медальмен аяқтады.

Алуа Балкибекова Азиада-2026-ден қола жүлдемен оралды Алуа Балкибекова Азиада-2026-ден қола жүлдемен оралды
Sports.kz

Қазақстан бокс құрамасының өкілі Алуа Балкибекова Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 турнирінде жартылай финалдық кездесуін өткізді.

Бұл кезеңде оның қарсыласы вьетнамдық Нгуен Тхи Там болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер жеңісті Нгуенге берді — 5:0.

Осы нәтижеден кейін Нгуен Тхи Там финалға жолдама алды, ал Алуа Балкибекова Азиаданы қола медальмен аяқтады.

Балкибекова — 2025 жылғы әлем чемпионы, World Boxing және IBA нұсқалары бойынша жеңімпаз, сондай-ақ Азияның екі дүркін чемпионы. Ал Нгуен Тхи Там құрлықтық біріншіліктерде екі рет алтын алған, 2023 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

.

Көп оқылды:

.
.