weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ермұхамед Аляйдар тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спорт шебері Ермұхамед Аляйдар Бухаресте өткен VIII әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Ол блицте алтын, рапидте күміс медаль еншіледі.

Ермұхамед Аляйдар тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды Ермұхамед Аляйдар тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды
Sports.kz

Қазақстандық спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермұхамед Аляйдар тоғызқұмалақтан Бухаресте өткен VIII әлем чемпионатында екі жүлде иеленді.

21-27 қыркүйек аралығында өткен жарыста ол блиц бағдарламасында барлық қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, рапидте күміс медальға қол жеткізді.

Жарысқа 80-ге жуық мықты спортшы қатысты. Әлем чемпионатында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Румыния, Словения, Испания, Чехия, Украина, Венгрия, АҚШ, Мексика және Оңтүстік Корея өкілдері бақ сынады.

Осылайша, Ермұхамед Аляйдар Бухарестегі додада Қазақстан қоржынына бір алтын және бір күміс медаль салды.

.

Көп оқылды:

.
.