Қазақстандық гимнаст Ерлан Тасмағамбетов Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Ерлан батуттағы гимнастика жарысының суперфиналында өнер көрсетіп, 54,69 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған үшінші орын әкелді.
Жарыста Қытай спортшысы Янь Ланъюй топ жарды — 65,09 ұпай. Оның отандасы Ван Цзысай 63,83 ұпаймен екінші орын алды.
Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.