weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Футбол 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Тоболдың» жаңа иесі клубтағы басты міндетті атады

Қостанайлық «Тоболдың» жаңа иесі Алишер Ходжаназаров брифингте клубты басқарудағы ең маңызды міндетті айтты. Ол қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу керек екенін атап өтті.

«Тоболдың» жаңа иесі клубтағы басты міндетті атады «Тоболдың» жаңа иесі клубтағы басты міндетті атады
Sports.kz

Қостанайлық «Тоболдың» жаңа иесі, кәсіпкер Алишер Ходжаназаров брифинг барысында клубтағы ең бірінші міндетін айтты.

Оның сөзінше, басқа клубтарда кездесуі мүмкін деген корпоративтік алаяқтыққа жол бермеу — басты басымдықтардың бірі. Ходжаназаров клубқа бөлінетін қаржының өз мақсатына жетуі қажет екенін ерекше атап өтті.

«Слышал, что в других клубах присутствует там так называемое корпоративное мошенничество, да, где играются с деньгами, которые клуб получает. Да, и вот наша номер один, наверное, задача — это ни в коем случае в это не уйти. И ни в коем случае там, если есть такое, это искоренить, если такое вдруг есть, опять-таки, и чтобы деньги доходили до своего адреса. Вот это номер один для нас задача», — деді кәсіпкер.

Кеше «Тоболдың» жаңа иесі ретінде ресми түрде қазақстандық Olzha Agro агроөнеркәсіп холдингі тіркелді. Холдингті Ходжаназаров басқарады.

Сол құрылымдық өзгеріс аясында клубтың жаңа президенті болып бұған дейін агрохолдингтің бас директорына кеңесші қызметін атқарған Айдос Дүйсенбиев тағайындалды.

.

Көп оқылды:

.
.