weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 34
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Словакияда «Семейдің» ірі жеңілісін «ауыр соққы» деп бағалады

Словакиялық ŠPORT.sk басылымы футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундында МФК «Лученецтің» қазақстандық «Семейден» 0:6 есебімен ұтылуына назар аударды. Матчта семейлік клуб қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Словакияда «Семейдің» ірі жеңілісін «ауыр соққы» деп бағалады Словакияда «Семейдің» ірі жеңілісін «ауыр соққы» деп бағалады
Sports.kz

Словакияның ŠPORT.sk басылымы футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундындағы МФК «Лученец» пен қазақстандық «Семей» арасындағы матчқа ерекше назар аударды.

Кездесу Лученец қаласында өтіп, семейліктердің 6:0 есебімен ірі жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда Ринат Түрегазин мен Педриньо гол соқты. Үзілістен кейін Родригиньо 29-минутта, Нұрсұлтан Пиялы 32-минутта, Дедезиньо 36-минутта және Чингиз Есенаманов 37-минутта нәтижені ірі есепке жеткізді.

Словакиялық басылым өз шолуында бұл ойынды «Жоғары деңгейдегі ауыр соққы» деп сипаттап, чемпионат иелерінің турнирді сәтсіз бастағанын жазды.

Мақалада «Лученец» негізгі раундтың 1-тобындағы алғашқы матчта қазақстандық клубтан ойсырай жеңілгені, ал екінші таймда небәрі сегіз минуттың ішінде төрт гол жіберіп алғаны атап өтілді.

.

Көп оқылды:

.
.