weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Футбол 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Николас Джексон ресми түрде «Челсиден» «Астон Виллаға» өтті

Сенегалдық шабуылшы Николас Джексон мансабын «Астон Виллада» жалғастырады. «Челсиде» екі маусым ойнаған футболшы Бирмингем клубына ауысты.

Николас Джексон ресми түрде «Челсиден» «Астон Виллаға» өтті Николас Джексон ресми түрде «Челсиден» «Астон Виллаға» өтті
Sports.kz

Сенегалдық шабуылшы Николас Джексон «Челсиден» «Астон Виллаға» ауысты. Футболшының жаңа клубпен келісімі ресми түрде расталды.

Мәміленің қаржылық шарттары жарияланған жоқ. Бұған дейін Фабрицио Романо бұл трансфер 25 жастағы шабуылшыға 65 миллион фунтқа түсуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Джексон «Челси» сапында 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетті. Ол лондондық клуб құрамында 81 матч өткізіп, 30 гол соқты және 12 нәтижелі пас берді.

Өткен маусымды сенегалдық футболшы жалға берілген негізде «Баварияда» өткізді. Мюнхендік клуб сапында ол 34 кездесуде 11 гол мен 4 нәтижелі пас тіркеді.

«Астон Вилланың» қазіргі бас бапкері Унаи Эмеримен Джексон бұған дейін «Вильярреалда» бірге жұмыс істеген. Енді шабуылшы испандық маманмен қайта қауышады.

.

Көп оқылды:

.
.