weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бек Нұрмағанбет Эр-Риядта Маркос Родригесті бірінші раундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Эр-Риядтағы бокс кешінде мексикалық Маркос Родригесті айқын басымдықпен жеңді. Жекпе-жек бірінші раундта ауыр нокаутпен аяқталды.

Бек Нұрмағанбет Эр-Риядта Маркос Родригесті бірінші раундта нокаутқа жіберді Бек Нұрмағанбет Эр-Риядта Маркос Родригесті бірінші раундта нокаутқа жіберді
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Маркос Родригеспен (21-4-1, 10 КО) қолғап түйістірді.

Жекпе-жек көпке созылған жоқ. Нұрмағанбет бірінші раундтың өзінде қарсыласын қыспаққа алып, нокдаунға жіберді. Артынша ол соққының қарқынын үдетіп, дәл соққылар сериясымен Родригесті ауыр нокаутқа түсірді.

Төреші есеп ашпастан жекпе-жекті тоқтатты. Медициналық бригада рингке дереу көтеріліп, мексикалық боксшыға көмек көрсетті. Оны ес жиғызуға бірнеше минут қажет болды.

Бұл — Нұрмағанбеттің кезекті сенімді жеңісі. Boxrec порталы оны екінші орта салмақтағы үздік боксшылар тізімінде 11-орыннан 9-орынға көтерді.

17 жеңіс, 15 нокаут еншілеген қазақстандық боксшының әлеуеті жоғары бағалануда. Енді оған өз шеберлігін шыңдап, чемпиондық белбеулер үшін таласа алатын деңгейдегі қарсыластар қажет екені айтылып отыр.

.

Көп оқылды:

.
.