weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бек Нұрмағамбетов нокауттан кейін әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағамбетов Эр-Риядтағы бокс кешінде мексикалық Маркос Васкес Родригесті бірінші раундта нокаутқа түсірді. Жеңістен кейін ол IBF чемпионы кубалық Ослейс Иглесиаспен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Бек Нұрмағамбетов нокауттан кейін әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды Бек Нұрмағамбетов нокауттан кейін әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағамбетов Эр-Риядта өткен бокс кешінде мексикалық Маркос Васкес Родригесті бірінші раундта нокаутқа түсіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

28 жастағы спортшы жекпе-жекте қарсыласын соңғы қоңырауға бір минут қалғанда нокдаунға жіберді. Ал раунд аяқталуға санаулы секундтар қалғанда сол қолмен жасаған дәл соққысымен кездесуді мерзімінен бұрын тәмамдады.

Жекпе-жектен кейін Нұрмағамбетов өз мақсаты ретінде IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ослейс Иглесиасты атады. Ол қазір рейтингте тоғызыншы орында тұрғанын айтып, кубалық чемпионмен кездесуге дайын екенін білдірді.

«Мен бұл белбеуді алғым келеді. Оған: «Белбеуімді сақтап қой, мен сенің артыңнан келемін» дегім келеді», — деді Нұрмағамбетов.

IBF тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы — кубалық Ослейс Иглесиас. Ол бұл вакантты атақты 9 сәуірде Канададағы Монреальда ресейлік Павел Силягинді сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп иеленген. Қазан айында Иглесиас дат спортшысы Оливер Заренді тоқтатып, белбеуін сәтті қорғады.

.

Көп оқылды:

.
.