Астанада IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі аясында қазақстандық Айдос Жаппарбергенов пен Алмаз Нұрғали арасында титулдық кездесу өтті.
Екеуі ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте IBA Nomad лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы атағы сарапқа салынды.
Салмақ өлшеу рәсімінде Жаппарбергенов қарсыласынан едәуір ауыр болғандықтан, белбеу үшін тек Нұрғали ғана таласты. Егер Жаппарбергенов жеңіске жетсе, титул бос қалар еді.
Бес раундқа жоспарланған айқас толық өтіп, Алмаз Нұрғали төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Nomad Fighting лигасының жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы атанды.