Қазақстанның әйелдер волейбол құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Тяньцзиньде өткен екінші матчта қазақстандық волейболшылар Австралия құрамасын үш партияда ұтты — 3:0. Партиялар есебі: 25:21, 25:18, 25:21.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде екі ойыннан кейін 3 ұпай бар.
Айта кетейік, Қазақстан Азия чемпионатын Индонезиядан 0:3 есебімен жеңіліспен бастаған еді. Топтық кезеңдегі соңғы ойында ұлттық құрама Таиланд командасымен кездеседі. Бұл матч сейсенбі, 25 тамызда өтеді.