weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 980-голын соқты

Криштиану Роналду Сауд Арабиясының Про-лигасындағы «әл-Наср» сапында тағы бір мәрте мергендік танытты. Португалиялық шабуылшы «әл-Диирияға» қарсы матчта кәсіби мансабындағы 980-голын тіркеді.

Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 980-голын соқты Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 980-голын соқты
Sports.kz

Сауд Арабиясының Про-лигасындағы сегізінші турда «әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 980-голын соқты. Португалиялық футболшы «әл-Диирияға» қарсы кездесуде көзге түсті.

Гол 23-минутта салынды. Кингсли Коман жылдам шабуыл кезінде допты алға алып шығып, қақпаға соққы бағыттады. Қарсылас қақпашысы соққыны қайтарғанымен, Роналду қайтарылған допты бірінші болып іліп әкетіп, торға дәл тоғытты.

Осылайша, Роналдудың клубтар мен Португалия құрамасы сапындағы жалпы гол саны 980-ге жетті. 41 жастағы футболшы бұл ойында «әл-Насрдың» негізгі құрамында алаңға шықты.

Кездесу алдында Эр-Рияд клубы жеті турдан кейін 16 ұпай жинап, чемпионат кестесінде төртінші орында тұрған еді. Енді Роналдуға 1000 гол межесіне жету үшін тағы 20 гол қажет.

.

Көп оқылды:

.
.