weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Футбол 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Ахмат» алғашқы жеңісіне жетті, Кенжебек пен Самородов алаңға шықпады

Грозныйдың «Ахмат» клубы өз алаңында «Ростовты» 4:1 есебімен ұтып, Ресей Премьер-лигасындағы осы маусымдағы алғашқы жеңісін алды. Қазақстан құрамасының футболшылары Галымжан Кенжебек пен Максим Самородов бұл кездесуде алаңға шықпады.

«Ахмат» алғашқы жеңісіне жетті, Кенжебек пен Самородов алаңға шықпады «Ахмат» алғашқы жеңісіне жетті, Кенжебек пен Самородов алаңға шықпады
Sports.kz

Грозныйдың «Ахмат» клубы Ресей Премьер-лигасының бесінші турында өз алаңында «Ростовты» 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

Кездесудің басында-ақ Георгий Мелкадзе 5-минутта есеп ашты. Үзілістен кейін ол 59-минутта тағы бір мәрте көзге түсіп, дубль авторы атанды. Одан кейін Турпал-Али Ибишев 68-минутта, ал Лечи Садулаев 78-минутта гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Қазақстан құрамасының ойыншылары Галымжан Кенжебек пен Максим Самородов матчтың бастапқы құрамына енген жоқ. Кенжебек бүкіл ойынды қосалқы құрамда өткізсе, Самородов балтыр бұлшықетінің жарақатына байланысты өтінімге де кірмеді.

Осы нәтижеден кейін «Ахмат» бес турда бес ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді. Бұл — грозныйлық команданың осы маусымдағы РПЛ-дегі алғашқы жеңісі. Келесі турда «Ахмат» Самараның «Крылья Советов» командасымен кездеседі, онда Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Ислам Чесноков өнер көрсетеді.

.

Көп оқылды:

.
.