weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Футбол 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бельгиялық журналист «Қайратты» менсінбеуге болмайтынын айтты

Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы Лига Еуропасы іріктеуінің шешуші ойыны алдында бельгиялық тарап сақтық танытып отыр. «Het Nieuwsblad» басылымының өкілі қазақстандық клубты оңай қарсылас санамайтынын жеткізді.

Бельгиялық журналист «Қайратты» менсінбеуге болмайтынын айтты Бельгиялық журналист «Қайратты» менсінбеуге болмайтынын айтты
Sports.kz

Ертең Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» Бельгияның «Андерлехтіне» қарсы Лига Еуропасының жалпы кезеңіне жолдама беретін іріктеу кезеңінде ойнайды. Қарсылас бұл жұпта фаворит саналғанымен, бельгиялық футбол өкілдері алматылықтарға жеңіл қарай алмайтынын айтып отыр.

«Het Nieuwsblad» газетінің спорт бөлімінің редакторы Питер-Ян Калькоэннің пікірінше, «Андерлехт» үшін бұл сапар оңайға соқпайды. Оның айтуынша, Бельгияда «Қайратты» тиісті деңгейде бағалап, қазақстандық клубты бірден өтіп кететін қарсылас деп қарамайды.

— Бельгияда «Қайратқа» қалай қарады? — деген сұраққа Калькоэн: «Қысқаша айтқанда, Лига Еуропасының негізгі кезеңіне өту үшін орынды нұсқа деп қабылданды. Бірақ “Андерлехттің” “Қайраттан” оңай өте салатыны туралы ой жоқ. Клубтың жуырда ғана Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнағанын бәрі біледі, сондықтан футболшылар мен бапкерлер құрамы арасында менсінбеушілік жоқ», — деп жауап берді.

Ол «Қайраттың» «Левскиге» қарсы ойындарын да бақылағанын айтты. Журналистің пікірінше, алматылықтардың жарыс жолынан шығып қалуы күтпеген нәтиже болған. Сондай-ақ ол Дастан Сатпаевтың кетуі мен Жоржиньоның жарақаты команданың ойынына әсер еткенін атап өтті.

Калькоэн «Қайрат» сапында Жоржиньо мен Марк Гуалдан қауіп күтетінін де жасырмады. Оның айтуынша, «Андерлехттің» шабуыл шебінде Лукаш Амброс, 19 жастағы сербиялық талант Михайло Цветкович және украиналық шабуылшы Даниил Сикан жақсы көзге түсіп жүр. Бұған қоса, бельгиялық клуб «Гертадан» Мартен Винклерді де қатарға қосқан.

Бельгиялық делегация үшін Қазақстанға ұшу да ерекше сынақ болған. Калькоэннің сөзінше, «Андерлехт» тарихындағы ең ұзақ сапарлардың бірі жасалып, ойыншылар әуеде шамамен 9 сағат өткізген. Ол мұның алаңдағы әсері қатты білінбесе екен деп үміттенетінін жеткізді.

— Егер «Андерлехт» жеңілмесе, бұл екі ойындық тартыста жақсы нәтиже болады. «Қайрат» өз алаңында өте сенімді ойнайды, сондықтан тең не ұтылмай қайту да маңызды, — деді Питер-Ян Калькоэн.

.

Көп оқылды:

.
.