WBO-ның екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираз Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлын өз белбеуіне міндетті үміткер етіп тағайындау туралы шешімге қатысты ойын айтты.
Шираздың пікірінше, мұндай шешім спортшыны «марапаттағандай» әсер қалдырады. Ол кәсіби боксшы тыйым салынған препарат қабылдап, кейін жазасын өтеп жүріп, қайтадан титулдық мүмкіндікке ие болуы дұрыс емес екенін атап өтті.
«Бұл оны за бұл әрекеті үшін марапаттап жатқандай көрінеді. Дәл сондай белгі беріліп тұр: қалағаныңды істеп, допинг-тесттен сүрініп, кейін дисквалификацияңды өтеп жүргенде бірден титулдық айқас аласың. Менің айтқым келетіні қарапайым: кәсіби спортшы тыйым салынған заттарды қолданып, содан кейін қайтып оралған соң бірден чемпиондық мүмкіндік алуы тиіс емес. Мен бұған қарсымын және мұны қолдамаймын», — деді Шираз.
Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жоспарланған біріктіру жекпе-жегі алдында қазақстандық боксшының допинг сынамасынан мельдоний табылған еді. Жәнібек тыйым салынған затты әдейі қолданғанын жоққа шығарды.
Содан кейін IBF оның чемпиондық белбеуінен айырды, ал WBO боксшыны дисквалификациялады. Жазасын мерзімінен бұрын аяқтағаннан кейін ұйым Әлімханұлын Шираздың салмағындағы титулға міндетті үміткер деп бекітті.