«Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм» Савиньоның трансфері бойынша келісімге келді. 22 жастағы қанат шабуылшысы үшін жалпы 99 млн еуро төленеді: оның 93,3 млн еуросы — тұрақты сома, ал 5,7 млн еуро — бонус түрінде қарастырылған.
Футболшының өзі көбірек ойын тәжірибесін алғысы келетінін айтып, клуб басшылығынан кетуге рұқсат сұраған. Енді оған Лондонға ұшып барып, медициналық тексерістен өтуіне рұқсат берілуі күтіліп отыр.
Сондай-ақ «Тоттенхэмге» «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Омар Мармуш та ауысады. Екі футболшының трансфері үшін «шпорлар» жалпы 151 млн еуро төлейді.
Өткен маусымда Савиньо барлық турнирде 36 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Мармуш та 36 кездесуде алаңға шығып, 8 гол және 3 ассист тіркеді.
Футбол тарихындағы ең қымбат трансферлердің бірі ретінде бағаланып отырған бұл келісім жақын уақытта ресми түрде аяқталуы мүмкін.