«Барселона» 2027/2028 маусымына арналған қақпашылар легін қазірден жоспарлап қойған. Каталон клубы Хорватия құрамасының негізгі қақпашысы Доминик Ливаковичті қатарға қосуға жақын екені хабарланды.
«Фенербахчемен» жүргізіліп жатқан келіссөздер соңғы кезеңге жеткенімен, тараптар әзірге толық мәмілеге келе қойған жоқ. Жоспар бойынша, трансфер 1 қыркүйекке дейін рәсімделіп, Ливакович бір маусымға өзін негізгі ойыншы ретінде көрсете алатын командаға жалға берілуі тиіс.
Осылайша, 2026/2027 маусымында «Барселонаның» қақпасын Жоан Гарсия мен Войцех Щенсны қорғайды деп күтіледі. Ал хорват қақпашысы келесі жазда алғаш командаға қосылады.
Щенсныйдың келісімшарты аяқталатын сәтте Ливакович негізгі құрамда Жоан Гарсияның дублері болады. Хабарда оның ауысымы каталондықтарға 3-5 миллион еуроға түсуі мүмкін екені де айтылған.