«Миннесота Уайлд» жанкүйерлері ресейлік шабуылшы Кирилл Қапризовтың жаңа келісімшартына қатысты пікір білдірді.
The Athletic басылымы клуб жанкүйерлері арасында сауалнама жүргізіп, оған 4600-ден астам адам қатысқан. Сұрақтардың бірі Қапризовтың «Уайлдпен» жасасқан сегіз жылдық келісімшартына арналды.
Ресейлік хоккейші жылына 17 миллион доллар жалақы алатын келісімшартқа қол қойды. Жалпы сомасы 136 миллион доллар болатын бұл мәміле Қапризовты НХЛ тарихындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншыға айналдырды.
Сауалнама нәтижесіне қарағанда, респонденттердің 0,1 пайызы оның еңбекақысы лайықты деңгейден айтарлықтай төмен деп санайды. 0,3 пайызы сәл төмен деп бағаласа, 25,3 пайызы келісімшартты толық лайықты деп есептеген.
Ал 64,5 пайызы Қапризовтың жалақысы сәл жоғары деді, тағы 9,8 пайызы оны айтарлықтай жоғары деп бағалады. Осылайша, сауалнамаға қатысқандардың 74,3 пайызы «Миннесота» Қапризовқа артық төледі деген пікірде.