Қоңаев қаласында өткен Octagon 90 аралас жекпе-жек турнирінде кештің басты жекпе-жегі болды. Онда қазақстандық файтер Ермек Нуранов (4-2) жеңілмеген қырғызстандық қарсыласы Марсель Нурланбек ұулымен (15-0) күш сынасты.
Жеңіл салмақ дәрежесінде өткен бұл кездесу үш раундқа есептелген еді. Алайда жекпе-жек көпке созылмады — Нурланбек ұулу сабмишн тәсілі арқылы бар-жоғы 85 секундта жеңіске жетті.
Осы жеңістің арқасында Марсель Нурланбек ұулу кәсіби мансабындағы он алтыншы жеңісін тіркеді. Ал Ермек Нуранов кәсіби ММА-дағы үшінші жеңілісіне ұшырады, бұл жеңіліс оның төрт жеңістен тұратын сериясын үзді.