Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан Canadian Open-2026 турнирінің үшінші кезеңінде америкалық Энн Лимен (рейтингте 31-орын) кездесіп, екі сетте есеп ашпай жеңіске жетті — 6:2, 7:5.
Осы жеңіспен Елена турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Бұл — Рыбакинаның Торонтодағы екінші жеңісі.
Айта кетейік, турнирдің бірінші кездесуінде Елена Рыбакина австралиялық Дарья Касаткинамен (рейтингте 61-орын) үш сетте өткен қиын матчта басым түсіп, 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Бұл жылы Canadian Open турнирінің жүлде қоры 7 миллион 433 мың 76 долларды құрайды. Турнир жеңімпазы 1 миллион 85 мың 220 доллар алып, рейтингіне 1000 ұпай қосады.