Әйелдер теннис қауымдастығы 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша WTA Awards марапатына үміткерлер тізімін жариялады.
Жұптық разрядтағы Fan Favorite: Doubles аталымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина да бар. Ол сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге сыйлыққа таласады.
Бұл аталымда қазақстандық-сербиялық дуэтке Катерина Синякова мен Тейлор Таунсенд, Габриэла Дабровски мен Луиза Стефани, Кристина Младенович пен Го Ханьюй және тағы басқа мықты жұптар бәсеке болады.
2026 жылғы маусымда Данилина мен Крунич Дохадағы WTA 1000 турнирінде чемпион атанып, Australian Open мен «Ролан Гарростың» финалына дейін жетті. Сондай-ақ олар Индиан-Уэллстегі WTA Итоговый турниріне жолдама алғанымен, Крунич тізе жарақатына байланысты жарыс басталар алдында қатысудан бас тартты.
Маусымды Анна Данилина жұптық рейтингте әлемнің жетінші сатысында аяқтады.