Магнитогорскінің «Металлургі» мен Мәскеудің «Спартагы» ірі алмасу жасады. Нәтижесінде Орал клубының қатарына шабуылшылар Иван Морозов пен Михаил Мальцев қосылады.
Екі хоккейші де жаңа келісімшартқа қол қойып, 2027/28 маусымының соңына дейін «Металлург» сапында өнер көрсетеді. Ал «Спартак» шабуылшылар Руслан Исхаков пен Игорь Нечаевты, қорғаушы Всеволод Комаровтың құқықтарын және 50 миллион рубль көлеміндегі ақшалай өтемақыны алады.
26 жастағы Морозов биылғы маусымда бірде-бір матч өткізген жоқ. 1 шілдеде «Спартак» оның бастамасымен келісімшартты бұзғанын хабарлаған еді. Дегенмен ойыншының құқығы Мәскеу клубында 2030/31 маусымының соңына дейін сақталып қалған.
Өткен тұрақты чемпионатта Морозов FONBET КХЛ аясында 44 матчта 28 ұпай жинады: 11 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді. Плей-оффта ол 5 кездесуде 5 ұпайға қол жеткізді — 2 гол, 3 пас.
28 жастағы Мальцев биыл «Спартак» сапында 22 матч өткізіп, 8 ұпай еншіледі: 5 гол және 3 пас. Ал өткен тұрақты чемпионатта оның еншісінде 66 ойында 44 ұпай болған еді.
Исхаков осы маусымда «Металлург» үшін 25 матчта 17 ұпай жинады: 8 гол, 9 пас. Нечаев 24 кездесуде 14 ұпайға қол жеткізді — 6 гол және 8 пас. Екі шабуылшы да маусым басынан бері магнитогорскілік командада ойнаған.
22 жастағы Комаров қазір Солтүстік Америкада өнер көрсетіп жүр. Ол — Магнитогорск хоккейінің түлегі, «Баффало» жүйесінде ойнайды. 2025/26 маусымында қорғаушы АХЛ-дегі «Рочестер» сапында болды, ал НХЛ клубымен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.
«Металлург» соңғы матчында Астанада «Барыстан» 4:5 есебімен жеңілді.