weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Валерий Каменский IIHF-тің Ресейсіз МЧМ өткізу шешімін сынға алды

КХЛ-дың даму жөніндегі вице-президенті, олимпиада чемпионы Валерий Каменский Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын Ресей құрамасынсыз өткізу шешімін қатаң сынға алды.

Валерий Каменский IIHF-тің Ресейсіз МЧМ өткізу шешімін сынға алды Валерий Каменский IIHF-тің Ресейсіз МЧМ өткізу шешімін сынға алды
Sports.kz

КХЛ-дың даму жөніндегі вице-президенті, олимпиада чемпионы Валерий Каменский Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатын Ресей құрамасынсыз өткізу туралы шешімін «беспредел» деп бағалады.

IIHF Ресей құрамасы Канада үкіметі ресми түрде жариялаған ұстаным мен шектеулерге байланысты турнирге қатыспайтынын хабарлады. Жастар арасындағы әлем чемпионаты 26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Эдмонтон мен Ред-Дир қалаларында өтеді.

Каменский мұндай шешімді күтпегенін айтып, Канада хоккей елі болғандықтан, мұнда халық бұл спортты ерекше жақсы көретінін атап өтті.

«Әрине, CAS шешімінен кейін мұндай болады деп ойламадым. Канада — хоккей елі ғой. Онда жұрт хоккейге шын мәнінде жанкүйер. Ал саясат араласса — бұл нағыз бассыздық. Біз дайын едік, жастарымыз да мықты. Бірақ біз әрі қарай да дамып, хоккей турнирлері бізсіз тиімсіз екенін дәлелдей береміз. Олар мұның зардабын өздері тартады, өздері-ақ шалынып жатыр», — деді Каменский.

30 қазанда Спорттық арбитраж соты (CAS) Ресей хоккей федерациясының (ФХР) IIHF-ке қарсы дауына қатысты шешім шығарып, ресейлік командаларды халықаралық жарыстарға жібермеуге негіз жеткіліксіз деп тапқан еді.

.

Көп оқылды:

.
.