weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 30
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әбу-Дабидегі жанжал үшін сегіз адамға түрме жазасы кесілді

Әбу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде ММА жұлдыздары Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили қатысқан төбелеске байланысты сегіз адамға түрме жазасы тағайындалды. Тағы екі адамға айыппұл салынды, ал Двалишвилидің босатылғаны айтылды.

Әбу-Дабидегі жанжал үшін сегіз адамға түрме жазасы кесілді Әбу-Дабидегі жанжал үшін сегіз адамға түрме жазасы кесілді
BBC Sport

Әбу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде ММА жауынгерлері Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили араласқан жаппай төбелеске байланысты сегіз адамға түрме жазасы кесілді.

Кадрларда Ресей спортшысы Нұрмагомедовтің грузин файтер Двалишвилиге арт жағынан келіп, шапалақпен салып жібергені байқалған. Осыдан кейін екі тараптың спортшылары мен олардың команда мүшелері төбелесіп кеткен. Әбу-Даби полициясы бұл оқиға бойынша 10 адам ұсталғанын растады.

Әбу-Дабидің сот департаменті әлеуметтік желіде жариялаған мәліметке сәйкес, барлық 10 айыпталушы төбелестегі рөлі үшін кінәлі деп танылған. «National» басылымының хабарлауынша, олардың алтауы алты айға бас бостандығынан айырылып, әрқайсысына 62 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл салынған және жазасын өтеген соң елден шығарылуы тиіс.

Сол басылымның жазуынша, олар «қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, дүрбелең туғызу және адамдардың өміріне қауіп төндіру» баптары бойынша айыпталған. Тағы екі адамға дәл сондай жаза тағайындалғанымен, оларға «ақпараттық технологияларды пайдаланып, төбелес сәтін түсіріп, жариялау арқылы жеке өмірге қол сұғу» айыбы тағылған.

Қалған екі айыпталушыға 10 200 фунт стерлингтен айыппұл салынған. Олар «қоғамдық қауіпсіздікті бұзу және өзгелерге шабуыл жасау» бойынша кінәлі деп танылған. Әзірге олардың есімдері жарияланған жоқ.

Real American Freestyle ұйымының тең құрылтайшысы Чад Бронстейннің айтуынша, Двалишвили қамаудан босатылған. Ол 35 жастағы спортшының сенбі күні Біріккен Араб Әмірліктерінде бразилиялық Марлон Мораестің қарсы алдында өтетін RAF жарысына қатысуы жоспарланғанын да айтты.

«Мераб Двалишвилидің қайтадан бізбен бірге Әбу-Дабиде екенін қуана хабарлаймын», — деді Бронстейн.

Двалишвили оқиғадан кейін бейнеүндеу жариялап, ем алып жатқан кезде Нұрмагомедовті және оның командасын «жыландар» деп атаған. Ал Усман Нұрмагомедов Әбу-Дабиде өзінің бауыры Умарды қолдау үшін жүрген. Умардың сенбі күнгі жекпе-жегіне оның орнына Двалишвилидің командаласы Саба Лазишвили шықты. Ол да жаппай төбелеске қатысқан, бірақ қамаудан босатылған сияқты.

.

Көп оқылды:

.
.