weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Айзара Жумабекова жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына өтті

Қазақстандық брейкинг шебері Айзара Жумабекова Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында топтық кезеңнен сәтті өтіп, келесі айналымға жолдама алды. Ол өз тобында екінші орын иеленді.

Айзара Жумабекова жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына өтті Айзара Жумабекова жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына өтті
Sports.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Айзара Жумабекова 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында брейкингтен топтық кезеңді сәтті еңсеріп, ширек финалға шықты.

Дакарда өтіп жатқан жарыста B-Girl Aizara лақап атымен өнер көрсеткен қазақстандық спортшы B тобында екінші орын алды. Осы нәтиженің арқасында ол плей-офф кезеңіне жолдама иеленді.

Іріктеу сатысының қорытындысы бойынша Жумабекова жеңген раундтары үшін үш ұпай жинап, төрешілердің 20 дауысын алды.

Топтағы бірінші орынды украиналық Николь Джурик (B-Girl Nikastar) иеленді. Ол алты раундта жеңіске жетті.

Ереже бойынша, әр топтан үздік екі спортшы бірден келесі кезеңге өтеді. Сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішінен көрсеткіші жоғары екі брейкер ширек финалға қосылады.

Плей-офф ойындары 13 қарашада өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.