АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгілер арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті. Бұл жүлдені Шұғыла Өмірбек алып берді.
55 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан украиналық Снежана Онуфриеваны 11:10 есебімен ұтты да, қола медальға қол жеткізді.
Бұған дейін Өмірбек ширек финалда жапониялық Юна Саватаниге 3:5 есебімен есе жіберген еді. Кейін жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Халиун Бямбасурэнгийннен басым түсті.
Осылайша, Шұғыла Өмірбек Қазақстанның 2026 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатындағы әйелдер күресінен алған алғашқы медалін қамтамасыз етті.
Оған дейін қазақстандық еркін күрес емес, грек-рим күресінің балуандары бес медаль жеңіп алған болатын: Айбек Айтбеков (60 кг) пен Юсуф Ашрапов (72 кг) чемпион атанса, Темірлан Турдақын (87 кг) күміс, Арсен Жұма (55 кг) мен Жохар Узаров (130 кг) қола медаль иеленді.
Осы нәтижемен Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы медаль санын алтыға жеткізді.