Халықаралық гимнастика федерациясының атқару комитеті көркем гимнастикадан әлем чемпионы Александра Семёноваға қатысты спорттық азаматтықты ауыстыруды мақұлдады. Енді ол Ресей емес, Израиль атынан жарысқа түседі.
Семёнова 2014 жылы Ресей құрамасы сапында үш доп пен екі лентамен орындалған топтық жаттығуда әлем чемпионы атанған. Сол жылы ол Бакуде өткен Еуропа чемпионатында екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
2015 жылы гимнастшы негізгі құрамнан шығып қалды. Ал 2018 бен 2020 жылдар аралығында антидопинг ережелерін бұзғаны үшін екі жылдық жарыстан шеттету мерзімін өткерді.
2014 жылы Семёнова әлем чемпионы атанып, Еуропа біріншілігінде үш медаль иеленген еді.