weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 11
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жәнібек Әлімханұлы WBO титулы үшін Якоб Банкпен жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы мен дат боксшысы Якоб Банк бос тұрған WBO чемпионы атағы үшін жұдырықтасуға келісімге келді. Жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны кейін жарияланады.

Жәнібек Әлімханұлы WBO титулы үшін Якоб Банкпен жұдырықтасады Жәнібек Әлімханұлы WBO титулы үшін Якоб Банкпен жұдырықтасады
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен дат спортшысы Якоб Банк WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос әлем чемпионы атағын сарапқа салатын жекпе-жекке келісім жасады.

WBO президенті Густаво Оливьери екі командадан да ресми жазбаша хабарлама түскенін және тараптардың келісімге келгенін растады. Ұйымның мәлімдеуінше, жекпе-жекке қатысты қосымша деректер кейінірек жарияланады.

Бұған дейін WBO қос тарапқа келіссөз бастауға тапсырма беріп, 7 қазанға дейін мәмілеге келу мерзімін белгілеген еді. Қазірше кездесу уақыты мен өтетін орны белгісіз.

Әлімханұлы WBO рейтингінде бірінші орында тұр. Ал Якоб Банк тізімнің үшінші сатысында орналасқан.

Бұл титул бұрын британдық боксшы Хамза Шираздың Әлімханұлына қарсы белбеуін қорғаудан бас тартуынан кейін бос қалған болатын.

.

Көп оқылды:

.
.