weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 13
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан дзюдодан Азиада-2026 финалында Жапонияға есе жіберді

Айти мен Нагояда өткен аралас командалық жарыстың финалында Қазақстан құрамасы Жапониядан 0:4 есебімен ұтылды. Соның нәтижесінде отандастарымыз күміс медальға ие болды.

Қазақстан дзюдодан Азиада-2026 финалында Жапонияға есе жіберді Қазақстан дзюдодан Азиада-2026 финалында Жапонияға есе жіберді
Sports.kz

Қазақстанның дзюдо құрамасы Азиада-2026-дағы аралас командалық жарыстың финалында сынға түсті. Шешуші белдесуде отандастарымызды Жапония қарсы алды.

Финалда қазақстандық дзюдошылар 0:4 есебімен жеңіліп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Қазақстан құрамасы финалға дейін сәтті жол өтті. Ширек финалда Қырғызстанды 4:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда Оңтүстік Кореядан 4:3 есебімен басым түсті.

Финалдық кездесуде ел намысын Айдар Арапов (90 кг), Гусман Қырғызбаев (73 кг), Меруерт Сарсенова (57 кг), Марат Байкамұров (+90 кг), Ажар Асхат (70 кг) және Аида Тойшибекова (+70 кг) қорғады.

.

Көп оқылды:

.
.