Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиат ойындары-2026-де қола медаль иеленді.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі үшінші орын үшін өткен белдесуде Қайпанов Үндістан өкілі Сагар Джагланмен күш сынасты.
Жекпе-жек барысында қазақстандық балуан сенімді өнер көрсетіп, қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша Нұрқожа Қайпанов Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды.