weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан Азиада-2026-ның бір күнінде 13 медаль жеңіп алды

Аичи мен Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының 13-күнінде Қазақстан құрамасы 13 медаль иеленді. Оның үшеуі алтын, екеуі күміс, сегізі қола болды.

Қазақстан Азиада-2026-ның бір күнінде 13 медаль жеңіп алды Қазақстан Азиада-2026-ның бір күнінде 13 медаль жеңіп алды
Sports.kz

Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 13-ші жарыс күнін табысты аяқтады. 2 қазанда қазақстандық спортшылар қоржынға үш алтын, екі күміс және сегіз қола медаль салды.

Алтын медальдардың екеуін боксшылар жеңіп алды. Торехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Зеяд Ишаишті 5:0 есебімен ұтты. Ал команда капитаны Айбек Оралбай аса ауыр салмақта, 90 келіден жоғары бәсекеде, өзбекстандық Жахонгир Зокировты дәл осындай есеппен жеңді.

Таеквондошы Тамирлан Тлеулес те чемпион атанды. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол филиппиндік Курт Брайан Барбосадан 2:0 есебімен басым түсті: раундтар 16:14 және 15:2 болды.

Күміс медальдардың бірі велотректегі омниумда Рината Сұлтановаға бұйырды. Ол 133 ұпай жинап, жапониялық Юми Кадзихарадан сәл ғана қалып, екінші орын алды. Бұл — Сұлтанованың осы Азиададағы екінші жүлдесі.

Екінші күміс медальді балуан Эльмира Сыздыкова алды. 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Юка Кагамиге 1:5 есебімен есе жіберді.

Қола жүлделер қатарын Начын Куулар, Едыге Қасымбек, Зейнеп Баянова, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Екатерина Токарева, Сейілхан Болатбек, Батырхан Төлеугали және Рита Бакишева толықтырды. Қазақстандық теннисші қыздар жұбы жартылай финалда Тайбэй спортшыларынан 6:7 (3:7), 6:7 (5:7) есебімен ұтылса, Путинцеваға бұл Азиададағы екінші қола медалі болды.

Осылайша, күн қорытындысы бойынша Қазақстанның еншісінде 77 медаль бар: 12 алтын, 21 күміс және 44 қола. Құрама жалпы есепте сегізінші орынға көтерілді. Азиада 4 қазанда аяқталады.

.

Көп оқылды:

.
.