weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның суперауыр салмақтағы боксшысы Айбек Оралбай Жапонияда өткен Азиада-2026 жарысында алтын медаль иеленді. Финалда ол өзбекстандық Жахонгир Зокировты 5:0 есебімен ұтты.

Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстанның суперауыр салмақтағы боксшысы Айбек Оралбай Жапонияда өткен Азиада-2026 жарысының чемпионы атанды.

Финалдық жекпе-жекте ол өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Оралбай — Қазақстан құрамасының капитаны. Бұған дейін ол 2025 жылғы әлем чемпионатын ұтып, Азия чемпионы атағын үш рет иеленген.

Жахонгир Зокиров 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлде алған болатын.

Бокс турнирі Азиада-2026 аясында 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтті. Ойындардың өзі 4 қазанда аяқталады.

.

Көп оқылды:

.
.