Қазақстанның ерлер волейбол құрамасы Аичи мен Нагое қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 жарысындағы үшінші ойынын өткізді.
Топтық кезеңдегі бұл кездесуде қазақстандық волейболшылар Өзбекстан құрамасымен кездесті.
Қазақстан — Өзбекстан матчы төрт партияға созылып, ұлттық құрама 3:1 есебімен жеңіске жетті. Партиялар есебі: 25:13, 22:25, 22:25, 17:25.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Пәкістанға 1:3 есебімен жол беріп, Жапониядан 0:3 есебімен ұтылған болатын.