Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанда өтетін FIFA U-15 World Cup Festival 2026 жарысында Өзбекстанмен бір топқа түсті.
Бұл топта бұдан бөлек Багам аралдары, Гана, Гуам және Мьянма құрамалары бар. Демек, Қазақстан жасөспірімдеріне плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін осы қарсыластармен бәсекеге түсуге тура келеді.
Турнир Бакуде 22-31 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 191 елдің жасөспірімдер құрамасы қатысып, олар 32 топқа бөлінген.
Топтық кезең 24-26 қазан күндері өтеді. Әр команда үш күн ішінде бес матч өткізеді, ал кейбір күндері екі кездесуден ойнайды.
FIFA U-15 World Cup Festival 2026 — ФИФА өткізгелі отырған эксперименттік әрі тарихи турнир.