«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы скауты Николас Чиналли клубқа Абдукодир Хусановты сатып алуға кеңес бергенін айтты.
47 жастағы маман Өзбекстанның U-20 құрамасының әлем чемпионатындағы матчтарын бақылап жүріп, дәл осы қорғаушыға ерекше назар аударған. Оның сөзінше, Хусановтың үш қыры бірден көзге түскен: жылдамдығы, қуаты және ойын кезіндегі жинақылығы.
«Абдукодир „Манчестер Юнайтедке“ толық сай келеді деп сендім. Ол кезде оның командасы да өте мықты болатын», — деді Чиналли.
Еске салайық, 2025 жылдың қаңтарында өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов «Ланс» клубынан «Манчестер Ситиге» 40 миллион еуроға ауысты.
22 жастағы футболшы кейін Англия кубогы мен лиганың иегері атанды. Ал 2023 жылғы жастар әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы 1/8 финалда Израильге 0:1 есебімен есе жіберді.